Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Айыртаудағы туристік жобалар бақылауда

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен өңірдің туристік орталықтарының бірі саналатын Айыртау ауданына барды. Сапар барысында аймақ басшысы инфрақұрылымдық, инвестициялық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, ауданның туристік әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстарды тексерді.

Бұл күндері мұнда еліміз бен шетелден келген қонақтардың басын қосқан «Ботай – Ұлы дала мәдениеті – Қазақ халқының байлығы» этнофестивалі өтуде. Аталған шара халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, өңірдегі туризмнің дамуына серпін береді. Сондай-ақ өңір басшысы «Ботай» археологиялық базасының модульдік ғимаратының құрылысымен танысты. Жаңа нысан археологтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және Ботай мәдениетінің бірегей мұрасын сақтауға қолайлы жағдай жасайды.

Сапар барысында «Борисфен» ЖШС-нің сүт-тауар фермасына барып, 410 бас голштин тұқымды ірі қараға арналған екінші кешеннің құрылысы араланды. Өндірілген шикізат «Shaiyr Agro» ЖШС-де өңделмек. Биылғы қыркүйек айында мұнда дайын өнім шығаратын заманауи сүт өңдеу цехын іске қосу жоспарланған.

Айыртау ауданында жылқы шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. «Север Агро LTD» ЖШС құрғақ бие сүтін өндіру жобасын табысты жүзеге асыруда. 400 басқа арналған ферма жылына 40 тоннаға дейін өнім шығарады. Бүгінде ауданда жалпы құны 27 млрд теңгені құрайтын алты инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл бастамалар экономиканың өсіміне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және бюджет кірісінің артуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар облыс әкімі Саумалкөл ауылындағы заманауи орталық стадионның құрылысымен, алты жылдан астам уақыт пайдаланылмаған қазандықты қайта жаңғырту жұмыстарымен, кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялау және мектеп гимназияда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу барысымен танысты. Барлық нысандар бойынша жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Tin One Mining» ЖШС Саумалкөл ауылындағы орталық саябақты қайта жаңғыртуда. Жобаның құны – 150 млн теңге.

Одан бөлек ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында ауданның алдағы дамуы, аграрлық саланы қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *