Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда 80 аула абаттандырылмақ

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, аулаларды абаттандыру көпшіліктің көңілінен шыққан салалардың бірі болып қала береді. Петропавлда 596 аулалық аумақтың 214-і қанағаттанарлықсыз жағдайда.

– Биылғы жылы «Халықтың қатысуы бюджеті» және кешенді жетілдіру бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасуда. Осылайша, біз көп пәтерлі тұрғын үйлердің 80 аумағын абаттандырумен қамтитын боламыз, — деді Серік Мұхамедиев.

Ол барлық жастағы тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау басты міндет болып қала беретінін айтты. Балалардың ойын алаңдарынан бастап, аға буынға арналған демалыс орындарын жақсарту бағытында жұмыс жасайтынын алға тартты. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *