Жарияланған күні: 01.07.2026
СҚО-да Конституцияның күшіне енген күнінде неше сәби дүниеге келді
Шілденің 1-і күні Конституция өз күшіне еніп, облыста кең көлемді шаралар өтті. Петропавлда осыған орай флешмобтар мен концерттер ұйымдастырылды. Бұған қоса, ел тарихындағы ерекше күнде 12 нәресте дүние есігін ашқаны белгілі болды.
Солтүстік Қазақстан облысында тарихи маңызды күні 12 нәресте дүние есігін ашқан. Олардың жетеуі – ұл, бесеуі – қыз.
Жалпы еліміз бойынша бұл күні 857 сәби өмір есігін ашты. Оның ішінде 435 ұл және 422 қыз дүниеге келген. Сондай-ақ Атырау және Алматы облыстарында екі егіз дүниеге келді.

