Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда ата-аналардың жауапкершілігіне қатысты құқық бұзушылықтар анықталды

Петропавл қаласында полиция қызметкерлері мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түнгі профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шара барысында балаларды тиісті бақылаусыз қалдыруға байланысты бірнеше құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, полицейлер түнгі дүкендердің бірінен алкогольдік ішімдік ішкен кәмелетке толмаған қызды анықтады. Тексеру нәтижесінде оның анасының қызының алкоголь тұтынуына жол бергені белгілі болды. Сонымен қатар тағы бір ата-ананың түнгі уақытта баласының қайда жүргенін бақыламағаны анықталды.

Рейдтің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ балалар еңбегінің заңсыз пайдаланылуына жол бермеу.

Профилактикалық іс-шара аясында тәртіп сақшылары есепте тұрған жасөспірімдерді және әлеуметтік қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан отбасыларды тексерді. Сонымен қатар саябақтар, сауда ойын-сауық орталықтары, компьютерлік клубтар мен жастар жиі жиналатын өзге де орындарға ерекше назар аударылды.

Полицейлер жұмыс берушілерге, кәмелетке толмағандарға және олардың заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын түсіндірді. Ойын-сауық орындарының әкімшілігіне заң талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін мұндай орындарда болуына жол берілмейтіні жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігіне байланысты екенін еске салады. Баланың бос уақытын, жүрген ортасын және қайда жүргенін тұрақты бақылау құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, оның өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі болып табылады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *