Жарияланған күні: 03.07.2026
«Құқықтық дәріхана» акциясына 1800-ге жуық азамат қатысты
Облыс прокуратурасының қызметкерлері кезекті рет апталық «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Акцияның басты мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдарды қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіру, сондай-ақ тұрғындарға құқықтық көмек көрсету.
Жеке консультациялар форматында азаматтар прокурорлардан өздерін толғандырған маңызды сұрақтарға жауап алды, ал жекелеген мәселелер кейіннен шешілуі үшін бақылауға алынды. Осылайша, акция аясында облыс тұрғындарына 1143 жеке құқықтық консультация берілді.

Петропавл қаласының тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартудың негізділігіне қатысты түсіндірме беру мәселесі бойынша жүгінді. Өтініш берушіге қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық әрі жан-жақты түсіндірмелер берілді. Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының бақылауында Петропавл қаласы тұрғындарының 4 мәселесі бар.
Жыл басынан бері облыс прокуратурасы барлығы 24 акция өткізіп, онда 1750-ден астам азамат қабылданған. «Құқықтық дәріхана» акциясы өз жұмысын жалғастыруда — сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде және облыстың аудан орталықтарында өткізіледі.

