Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі жерлестерімізді Астана күнімен құттықтады

Жыл сайын ел көлемінде шілденің 6-сы күні Астана күні тойланады. Биыл да бұл мереке шеттен тыс қалмады. Жерлестерімізді болып СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында құттықтады.

— Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді еліміздің жүрегі, Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – ел бірлігі мен берекесінің, жасампаздық пен жаңғырудың, тұрақты даму мен жарқын болашаққа деген ұмтылыстың символы. Аз ғана уақыт ішінде елордамыз әлемге танылған заманауи мегаполиске айналып, мемлекетіміздің саяси, экономикалық, мәдени және рухани орталығы ретінде орнықты.
Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен елорда қарқынды дамып, еліміздің өсіп-өркендеуіне серпін беретін маңызды бастамалардың ордасына айналып отыр. Астананың әрбір жетістігі – бүкіл Қазақстанның ортақ табысы. Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Еліміз еңселі, елордамыз өркендей берсін! — деп жазды СҚО әкімі. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *