Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Полицейлер зейнеткерді алаяқтардан сақтады

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздаған зейнеткердің 2 млн теңге көлеміндегі жинағын сақтап қалды.

Зейнеткерге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар телефон соғып, оның атына басқа мемлекетке ақша аударылғанын және осыған байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

Алаяқтардың сөзіне сеніп қалған әйел өзіне ешқандай қатысы жоғын дәлелдеуге тырысқан кезде депозитінде 2 млн теңге жинағы бар екенін байқамай айтып қойған. Осыдан кейін қаскөйлер оған қаражатты шұғыл түрде шешіп алып, оны тергеу мүддесі үшін тапсыру қажет екенін айтып сендірген. Алаяқтардың нұсқауын бұлжытпай орындаған әйел банкке барып, ақшасын қолма-қол алған. Кейін күдіктілер зейнеткерге ақшаны түрлі заттармен бірге қорапқа салып, оны такси жүргізушісі арқылы жіберуді тапсырған. Сонымен қатар жүргізушіге бұл қораптың Астанада тұратын әпкесіне арналған сыйлық екенін айту қажеттігін ескерткен. Алайда такси салонында отырған жолаушы жағдайдың күмәнді екенін байқап, дереу полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары алаяқтық белгілерін анықтап, жедел іс-шараларды бастады. Осы уақытқа дейін такси жүргізушісі Петропавл қаласынан шығып кеткен болатын. Полицейлер оны Аралагаш ауылы маңындағы автожолда тоқтатып, қораптағы ақшаны тәркіледі. Нәтижесінде 2 млн теңге толық көлемде заңды иесіне қайтарылды.

Полиция азаматтарға телефон арқылы өзін құқық қорғау органдарының, банк немесе өзге мемлекеттік мекеменің қызметкері ретінде таныстырып, қылмыстық іс қозғалғанын, «қауіпсіз шотқа» ақша аударуды немесе қаражатты қолма-қол шешіп, басқа адамға беруді талап ететін адамдардың әрекетіне сенбеуге кеңес береді. Мұндай жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, «102» арнасына хабарласу қажет.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *