Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Kozybayev University мен Аризона университеті арасында меморандумға қол қойылды

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффт, Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді.

Облыс әкімімен өткен кездесуде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеті арасындағы стратегиялық әріптестіктің нәтижелері қорытындыланып, алдағы даму бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл жоба Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ең табысты үлгілерінің біріне айналды. Солтүстік Қазақстан облысы үшін АҚШ-тың жетекші зерттеу университеттерінің бірі саналатын Аризона университетімен серіктестікті дамыту ерекше маңызға ие.

Төрт жыл ішінде Kozybayev University мен Аризона университеті арасындағы әріптестік сапалық жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінде бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша 1 249 студент білім алуда, оның ішінде 359 студент қос диплом бағдарламасы бойынша оқиды. Биыл алғаш рет бірлескен білім беру бағдарламаларының түлектері диплом алады.

Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықтың алдағы басым бағыттарын айқындайтын меморандумға қол қойды. Аталған құжат Kozybayev University мен Аризона университеті арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтып, өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге негіз болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *