Петропавл аулалары жаңа кейіпке енуде
Облыс әкімі Петропавлдағы ең ірі аулалардың бірін абаттандыру нәтижесімен танысты.

Петропавл қаласын абаттандыру жұмыстары жыл сайын жүйелі түрде жүргізілуде. Саябақтар, гүлзарлар мен әлеуметтік нысандарды жаңғыртумен қатар, аулаларды кешенді абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл қаладағы 80 аула аумағы кешенді түрде жаңартылады.
Бүгін облыс әкімі Жуков көшесінде орналасқан абаттандыру жұмыстары аяқталған аулалардың бірінде болды. Бұл – Петропавлдағы ең ірі аула аумақтарының бірі. Мұнда барлық жастағы тұрғындардың жайлы демалысына қолайлы жағдай жасалған: балалар және спорт алаңдары жаңартылып, демалыс орындары абаттандырылған, аумақ көгалдандырылған.
Тұрғындармен кездесу барысында өңір басшысы қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту және абаттандыру жұмыстарын жалғастыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ облыс әкімі тұрғындарды Қала күнімен құттықтады.

