Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да алғаш рет Металлургтер күні аталып өтілді

Айыртау ауданында Solidcore Resources компаниясының ұйымдастыруымен Металлургтер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде Металлургтер күнінің Солтүстік Қазақстан үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

— Бүгінде біз агроөнеркәсіп кешенін дамытумен қатар, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін де жүйелі түрде нығайтып келеміз. Бұл – инвестиция тартуға, жаңа өндірістерді іске қосуға және тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған маңызды қадам. Соның жарқын дәлелі – Solidcore Resources және Tin One Mining компанияларының Айыртау ауданындағы «Сырымбет» кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасы. Қазіргі уақытта болашақ тау-кен металлургия кешенінің нысандарын салуға дайындық жүргізіліп, инженерлік және көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда, – деді облыс әкімі.

Металлургтер күніне орай аудан тұрғындары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылып, еліміздің жарық жұлдыздары өнер көрсетті. Облыс әкімі мұндай бастамалар ірі инвестициялық жобалардың өндірісті ғана емес, өңірдің әлеуметтік өмірін де дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *