Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да құрылтай сайлауына 3 мыңнан астам комиссия жұмылдырылады

Өңірде 543 сайлау учаскесі болса, олардың 92-сі Петропавлда орналасқан. Сонымен қатар өңірде 13 жабық сайлау учаскесі бар. Олар әскери бөлімдерде, медициналық мекемелерде және азаматтардың уақытша болу орындарында ашылған.

Сайлау науқаны барысында 558 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 15 аумақтық және 543 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Жалпы сайлау науқанына 3 196 комиссия мүшесі қатысады.

Сайлаушылар тізімі әзірге белгісіз. Заңнамаға сәйкес дауыс беру 20 күн бұрын, яғни тамыздың 2-күні әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдері акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына ұсынылады. Нақты қанша сайлаушы бары сол күні белгілі болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *