Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да «Қару» шарасы өтуде

Солтүстік Қазақстан облысында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Оның аясында қару иелерінің заңнаманы қалай сақтайтыны тексеріледі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қару» негізгі мақсаты — қару айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Сондай-ақ иелерінің заңнама талаптарын сақтауын тексеру және заңсыз сақталған атыс қаруын алып қою.

Өңірде азаматтық қарудың 7013 иесі тіркелген, олардың қолында 10 660 бірлік бар.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы бері полицейлер 9 заң бұзушылықты анықтады. Сақтау шарттарын бұзғаны үшін бес әкімшілік хаттама толтырылды. Екеуi — қайта тiркеу мерзiмiн бұзғаны үшiн, екеуi — заңсыз сақтау үшiн.

Полицейлер қарудың аса қауіпті нәрсе екенін еске салады. Оны сақтау, алып жүру және пайдалану заңнама талаптарын қатаң сақтауды талап етеді. Иелерінің осы міндеттерге жауапкершілікпен қарауы — азаматтардың өздерінің де, айналасындағылардың да қауіпсіздігінің маңызды шарты.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *