Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Аулалардағы қабылдау» акциясы бастау алды

Солтүстік Қазақстан облысында 20 шілдеден бастап «Аулалардағы қабылдау» республикалық акциясы өтуде.

Аулаларда Петропавл полиция басқармасының және қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Қала тұрғындарына кең ауқымды сұрақтар бойынша кеңес беріледі. Кибер алаяқтықтың алдын алудан бастап Жол қозғалысы қағидаларын, қаруды сақтау және отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу қағидаларын сақтауға дейін. Сондай-ақ жадынамалар тапсырылады. Ниет білдіргендерге eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы несие алудан бас тартуды ресімдеуге көмектеседі.

Акцияны өткізу орындары жедел жағдай мен тұрғындардың өтініштерін ескере отырып анықталады. Алдағы жиын туралы тұрғындарды учаскелік инспекторлар мессенджерлердің чаттары арқылы алдын ала хабардар етеді.

Іс-шараға құқық қорғау органдарынан басқа депутаттар, қоғам қайраткерлері мен белсенділер қатысады. Аумақтық бөлiмдерде қабылдауды бiрiншi басшылар жүргiзедi.

Акция басталғалы бері оған бірнеше мың солтүстікқазақстандық қатысты.

55 өтініш пен ұсыныс келіп түсті. Олардың үшеуі — учаскелік инспекторлардың жұмысын жақсарту, 13 — көшелер мен аулаларды жарықтандыру, 14 — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, 15 — жол қауіпсіздігі, 10 — ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру. Қала тұрғындарын түнгі уақытта, әсіресе жалдамалы пәтерлерде тыныштықтың бұзылуы мазалайды.

Барлық тіркелген сұрақтарды полиция қызметкерлері бақылауға алды. Олардың бір бөлігі сол жерде, қалғандары — жұмыс тәртібінде шешіледі. Полиция жағдайды үнемі бақылауда ұстайды. «Аулалардағы қабылдау бөлмесі» акциясы 26 шілдеге дейін жалғасады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *