СҚО-да отбасылық-тұрмыстық қатынастар тұрғысында 1537 құқықбұзушылық тіркелді
Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1537 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 1657 қорғау нұсқамасы шығарылып, құқық бұзушыларға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салуды қоса алғанда, 737 ерекше мінез-құлық талабы белгіленді.
Белгіленген шектеулердің сақталуын бақылау барысында қорғау нұсқамаларын бұзудың 170 және ерекше талаптарды бұзудың 845 дерегі анықталды.

СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, анықталған құқық бұзушылықтар санының артуы жанжалдардың көбеюіне емес, профилактикалық жұмыстың күшеюінің көрінісі.
2026 жылдың алты айында өңірде қиын өмірлік жағдайға тап болған 47 отбасы анықталды. Олар туралы ақпарат әлеуметтік көмек көрсету үшін Отбасын қолдау орталықтарына жолданып, бірыңғай ведомствоаралық ақпараттық жүйеге енгізілді.

