Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО мен Татарстан арасында меморандумға қол қойылды

Татарстан Республикасы делегациясының ресми сапары аясында өңіраралық әріптестікті одан әрі дамыту мәселелеріне арналған екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында облыс әкімі Солтүстік Қазақстан облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

— Өңіріміз бен Татарстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің тату көршілік қатынастарды нығайтуға және өңіраралық әріптестікті кеңейтуге бағытталған стратегиялық саясатының нәтижесі. Татарстан Республикасы – Солтүстік Қазақстан облысының негізгі серіктестерінің бірі. Өңірдің өнеркәсіптік, ғылыми және инвестициялық әлеуеті жоғары. Бүгінде ауыл шаруашылығы машина жасау, медициналық жабдықтар, электротехникалық өнімдер өндіру және құрылыс индустриясы салаларында бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылуда, – деді облыс әкімі.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, жаңа даму мүмкіндіктерін және өзара іс-қимылды кеңейту жолдарын талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және Солтүстік Қазақстан облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы әріптестікті одан әрі дамытуға берік негіз болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *