Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстік Қазақстан облысына — 90 жыл

Биыл туған жеріміз Солтүстік Қазақстан облысына — 90 жыл. Айтулы датамен өңір тұрғындарын облыс әкімі Ғауез Нрмұхамбетов әлеуметтік желіде құттықтады.

Осыдан 90 жыл бұрын, яғни 1936 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы құрылғанын атап өткен жөн. Осы уақыт арылығында өңіріміз өркендеудің тағылымды жолынан өтті. Мұны өз сөзінде облыс әкімі де айтты. 

— Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы экономикалық әлеуетін нығайтып, ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, инфрақұрылымды жаңғыртып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында нық қадам басып келеді. Өңіріміздің әрбір жетістігі – тұрғындардың бірлігі мен ынтымағының, жоғары кәсібилігінің, жауапкершілігі мен туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігінің жемісі. Өлкеміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген ардагерлерге, барлық сала еңбеккерлеріне, кәсіпкерлерге, қоғам белсенділеріне, жастарға – туған өлкеміздің дамуына еңбек етіп жүрген барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін, — деп жазды аймақ басшысы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *