Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Пестрое көлі 2 жылдың ішінде толығымен тазартылады

Петропавлда екі жыл бойы Пестрого көлінің түбін тазартылатын болады. Жұмыстар бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, тазартумен жергілікті  ұйым айналысады.

Бірінші кезеңде су айдынын қалпына келтірудің кешенді тәсілін көздейтін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Сондай-ақ, мамандар жұмыстардың көлдің экожүйесі мен биосферасына әсерін бағалау үшін қажетті зерттеулер жүргізеді.

Екінші кезең дайындық жұмыстарын және мамандандырылған техниканы жұмылдыруды қамтиды.

Үшінші кезеңде негізгі жұмыстар басталады. Оның ішінде түбіндегі шөгінділерді алу, жағалау жиегін тазалау, артық жағалау өсімдіктерін жою және терең су акваториясын тазалау. Бірінші кезекте келесі жылдың шомылу маусымына қарай жағажай бойындағы учаскелер ретке келтіріледі.

— Жоба екі жылдық, жұмысты 2027 жылдың күзінде аяқтау жоспарланған. Кешенді тазарту көлдің экологиялық жай-күйін жақсартуға, оның табиғи экожүйесін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына қолайлы жағдай жасау қажет, — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *