Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда екі апта бойы ыстық су болмайды

10 тамыздан бастап Петропавл тұрғындары тағы да екі аптаға ыстық сусыз қалады. «Петропавл жылу желілері» ЖШС мәліметінше, осы кезеңде мамандар жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізетін болады.

Мақсаты — келесі жылыту маусымына дайындық үшін құбырлардың және жылу желілері жабдықтарының ақауларын анықтау. Сынау кезеңінде магистральдық жылу желілері жұмыс қысымынан 25% асатын қысымда болады. Желілік судың температурасы +40 °C аспайды. Жұмыстар екі апта бойы жүргізілетін болады. Осы кезеңде Петропавл қаласында ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады.

Сынақтар аяқталғаннан кейін тұтынушыларды кезең-кезеңмен қосу жүргізілетін болады. Бүлінген учаскелер жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өшіріледі, бұл тиісті тұрғын үйлерге ыстық сумен жабдықтауға уақытша әсер етеді. Жұмыстарды аяқтау және ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру мерзімдері туралы қосымша әлеуметтік желілер мен АҚЖ төрағалары арқылы хабарланады.

Ықтимал технологиялық бұзушылықтарды жою үшін «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС-де қажетті материалдар мен дайындалған персонал бар.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *