Жарияланған күні: 11.08.2026
Мас күйде болған ер азамат полицейге шабуылдады
Солтүстік Қазақстанда 46 жастағы ер адам қызметтік көліктің ішінде учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасады.
Полиция мәліметінше, оқиға шілденің 26-сы күні орын алды. Тәртіп сақшылары мас күйдегі құқық бұзушыны медициналық куәландыруға алып бара жатқан. Жолда ол қызметтік автокөліктің ішінде учаскелік инспекторға шабуыл жасап, салдарынан полиция қызметкері кесілген жарақат алған. Оқиғадан кейін 46 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жарақат алған учаскелік инспекторға қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта ол толық сауығып, қызметіне қайта кірісті.

