Жарияланған күні: 11.08.2026
СҚО-да «Жастар» спартакиадасы өз мәресіне жетті
Биыл дәстүрлі «Жастар» облыстық спартакиадасы Мамлют ауданында өтті. Жарыс тамыздың 6-сы мен 8-і аралығында ұйымдастырылып, жеңімпаздар есімдері белгілі болды.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, дүбірлі додада жалпыкомандалық есепте Мамлют ауданының командасы жеңімпаз атанды.
Спартакиадаға 600-ге жуық спортшы қатысты. Спортшылар жағажай волейболы, баскетбол, шағын футбол, грек-рим күресі және арқан тартудан сынға түсіп, өз араларында мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша спартакиадасы иесі жеңімпаз атанса, екінші сатыға Шал ақын ауданы жайғасты. Ал үздік үштікті Ақжар ауданы түйіндеді.

