Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдық жасөспірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды

Петропавлда полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында түнгі рейд өткізіп, 10 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына ересектердің қарауынсыз жүргені үшін айыппұл салынды.

СҚО ПД мәліметінше, түнгі уақытта көшелерде жүрген 10 жасөспірімді анықтады. Олардың үшеуі 16 жасқа толмаған. Барлық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейд барысында профилактикалық есепте тұрған 95 адамды тексеріліп, сот шешімімен алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынған екі петропавлдық мас күйінде болғаны анықталды.

Рейд кезінде 90-нан астам құқық бұзушылық анықталды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *