Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да жаңа оқу жылына арналған білім беру жүйесінің негізгі міндеттері айқындалды

Облыста білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Басқосуда жаңа оқу жылында білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттер айқындалды. Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі Нұрлан Қиясов және өңір педагогтері қатысты.

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бүгінде облыс аудандарында оқушылар бағдарламалау, робототехника және жасанды интеллект технологияларын меңгеретін креативті IT-орталықтар жұмыс істейді. Педагогтердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, оқыту сапасын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдер білім беру үдерісіне кезең-кезеңімен енгізілуде.

Биыл білім беру саласына 160 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Соңғы екі жылда Петропавл қаласында 510 орындық үш балабақша салынды. «Орталық» шағын ауданында  280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталуға жақын. Облыс орталығында әрқайсысы 600 орынға есептелген екі мектеп пайдалануға берілді. Қызылжар ауданының Белое ауылында жаңа мектеп салынып жатыр. Соңғы екі жылда 34 мектеп күрделі жөндеуден өтті.

«Бүгінде өңір экономикасы негізінен аграрлық бағыттан аграрлық-индустриялық үлгіге бет бұруда. Облыста ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жаңадан ашылатын кәсіпорындарға білікті инженерлер, технологтер, IT-мамандар, агрономдар, биотехнологтер және жаңа буынның кәсіби жұмысшы кадрлары қажет. Сондықтан білім беру жүйесінің алдында жастарға сапалы білім берумен ғана шектелмей, заманауи экономика талаптарына сай, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау міндеті тұр»,- деді өңір басшысы

Конференция аясында өңірдің үздік педагогтері лайықты марапаттарға ие болды. «ЛОРД» мамандандырылған мектеп-лицейі Солтүстік Қазақстан облысының үздік білім беру ұйымы деп танылды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *