Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Тамыздың 25-сі күні «Құқықтық дәріхана» акциясы өтеді

Облыс прокуратурасының ұйымдастырумен Петропавлда және аудандарда «Құқықтық дәріхана» акциясы өтеді. Бұл жөнінде ведомство әлеуметтік желіде ресми парақшада хабарлады.

Құрметті Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы қала мен облыс тұрғындары мен қонақтарын 2026 жылғы 25 тамызда сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін өтетін «Құқықтық дәріхана» апталық акциясына қатысуға шақырады.
Акцияның мақсаты – халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру.
Әрбір тұрғын алдын ала жазылусыз әлеуметтік төлемдер, отбасылық және тұрғын үй даулары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және өзге де өмірлік маңызы бар мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.
Акция әрқайсына құқықтық тегін кеңес алуға мүмкіндік беретін, заңнама сұрақтары мен өздерінің құқықтарын қорғайтын прокуратура органдары мен азаматтардың өзара әрекеттесу құралы болып табылады. Бұл құқықтық мемлекетті дамыту бойынша міндеттерді практикалық жүзеге асыру және қоғаммен үкімет институттарының арасындағы сенімді нығайту үлгісі.

Акция шеңберінде азаматтарды қабылдау келесі мекенжайларда жүргізіледі:

ӨТКІЗУ ОРЫНДАРЫ:
Петропавл қ.: «Рахмет» СҮ, К. Сүтішев, 58
Айыртау ауданы, Саумалкөл с., аудандық Мәдениет үйі, Ақан сері к., 31
Ақжар ауданы , Талшық с., ІТ орталық, Ломоносов к.,1
Аққайың ауданы, Смирново с., Мәдениет үйі, Жеотоқсан к.,24
Ғ. Мүсірепов ауданы, Новоишимка с., аудандық Мәдениет үйі, Абылай хан к.,19
Есіл ауданы, Явленка с., Есіл ауданының әкімдігі, Тәуелсіздік к.,10
Жамбыл ауданы, Пресновка с., аудандық Мәдениет үйі, Иванов к., 19
Қызылжар ауданы, Бескөл с., Халыққа қызмет көрсету орталығы, Институтская,1в
«Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Мамлют аудандық ауруханасы, Мектеп-интернат, 17
М.Жұмабаев ауданы, Булаево қ., аудандық Мәдениет үйі, Юбилейная к.,56
Тайынша ауданы, Тайынша қ. «Аманат партиясы» ҚБ аудандық филиалы,Орталық қ., 3а.,
Тимирязев ауданы, Тимирязево с., аудандық Мәдениет үйі, Жеңіс к.,11
Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл с., Халыққа қызмет көрсету орталығы, Уәлиханов к.,80
Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Азаматтар үшін үкімет КеАҚ», Желтоқсан к.,31

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *