Петропавловдағы Мамандандырылған ХҚКО автодромы жөндеуден өтті
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы Петропавл қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автодромындағы жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлайды.

2026 жылғы 24 тамыздан бастап автодром қайтадан келушілер үшін қайта ашылып, жүргізу бойынша практикалық емтихандар мен сынақ жүргізу штаттық режимде өткізілуде.
Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайында орналасқан автодромда жүргізілген жөндеу жұмыстары барысында асфальтбетон төсемі жаңартылып, жол белгілері қалпына келтірілді.
Жөндеу жұмыстары кезінде жол белгілерінің сапалы таңбалануына ерекше назар аударылды, өйткені бұл – практикалық емтихан тапсыру кезіндегі негізгі элементтердің бірі. Жұмыстар өңірдегі ауа райы жағдайларына сәйкес, қажетті технологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілді.
— Колайсыз ауа райы жағдайларына, атап айтқанда жауын-шашынға байланысты кейбір жұмыстар қосымша уақытты талап етті. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде автодром тиісті талаптарға сәйкестендіріліп, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтиханды қолайлы жағдайда тапсыруына мүмкіндік жасалды», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабай.
Айта кетейік, жөндеу жұмыстарына байланысты бұған дейін практикалық емтихан немесе сынақ жүргізу күнін ауыстыруға мәжбүр болған қызмет алушылар «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жаңа күнді таңдауы қажет.

