Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда полицейлер жарақат алған ер адамға көмекке келді

Әлеуметтік желіде жас жігіттің Петропавл патрульдік полицейлеріне алғысын білдірген видеосы жарияланды. Ол полицейлердің әкесін санаулы минут ішінде ауруханаға жеткізгенін айтқан. Қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері осы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

СҚО ПД мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 18:00 шамасында қалалық полиция экипажы Спорт сарайының маңында қызмет атқарып жүрген кезде көмек қажет деген хабарлама түскен. Шамамен 60 жастағы ер адамның қолы жарақаттанып, қатты қан кеткен. Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Қуаныш Лябаев пен инспектор Азамат Қоржанкулов дереу әрекет ету туралы шешім қабылдады. Ер адамды қызметтік көлікке отырғызып, жарық және дыбыс сигналдарын қосқан күйде бес минут ішінде Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесіндегі медициналық мекемеге жеткізді. Осыдан кейін полицейлер қызметтерін жалғастырды.

Мұндай жағдайлар патрульдік полиция қызметінде аз кездеспейді. Бұл бөлімшенің инспекторлары күн сайын оқиғаның ортасында жүріп, адамдарға көмектеседі, өмірін құтқарады, қауіпке барады. Алайда қызметтің қарбаластығы мен полицейлердің қарапайымдылығына байланысты осындай көптеген әрекет көпшілікке беймәлім болып қалады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *