Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да өрт 24 адамның жанын құшты

Облыста жыл басынан бері 271 өрт тіркелді. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9% аз. Алайда өрттен мерт болғандар саны 41% жоғары. Тағы 15 адам жарақат алған. Сондай-ақ, былтыр 13 адам, ал биыл алты адам көміртегі тотығынан уланып, жарақат алған, бірақ адам өлімі тіркелген жоқ.

— Жеке тұрғын үй секторында өрттің басым бөлігі жылыту маусымы кезінде шығады. Өткен 2025-2026 жылғы жылыту кезеңінде осындай 214 өрт болып, 31 адам көз жұмды, оның ішінде үш бала бар. Тағы тоғыз адам жарақат алды. Өрт салдарынан келген материалдық шығын 52 млн теңгеден асты. Жылыту маусымындағы өрттердің негізгі себептерінің бірі — пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу. Бұған қоса электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін сақтамау, — дейді СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Аян Құсайынов.

СҚО-да қазір өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі өтіп жатыр, ол 15 қыркүйекке дейін созылады. Негізгі мақсаты — әсіресе әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың үйлеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындармен қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *