Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 50 балғын Білім күні қарсаңында қолдауға ие болды

Облыс орталығында «Әділет» партиясы СҚОФ ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен» республикалық әлеуметтік акциясы өтті. Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – балаларға жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауға қолдау көрсету.
Акция аясында 50-ге жуық балаға мектепке қажетті құралдарды сатып алуға арналған сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге Петропавл қаласындағы балалардың сүйікті демалыс орындарының бірі – «Аттракциондар әлеміне» арнайы сыйлықтар тарту етілді.
 Іс-шара барысында кішкентай қонақтар үшін аниматорлар шақырылып, түрлі ойындар мен көңілді бағдарламалар ұйымдастырылды. Балалар белсенді қатысып, мерекелік шарадан ерекше әсер алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әлеуметтік акциялар балаларға қажетті көмек көрсетумен қатар, олардың жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *