Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл тұрғыны клиенттерінің алдында міндеттін орындамады

Техникалық қызмет көрсету станциясында мәселе өткен жылдың тамыз айынан бастап туындай бастаған. Тұрғындар автокөлік қосалқы бөлшектері мен жөндеу жұмыстарына ақы төлеген. Алайда оларға қызмет тиісті деңгейде немесе мүлде көрсетілмеген. Келтірілген залал сомасы көбіне жүздеген мың теңгені құраған, ал бір дерек бойынша 1,5 млн теңгеден асқан.

Автокөлік иелері ұзақ уақыт бойы мәселені өзара шешуге болады деп есептеп, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері келіп түскен арыздарды салыстырып, алаяқтықтың жүйелі сипат алғанын анықтап, күдіктінің ізіне түскен. Станция жұмысына іс жүзінде 26 жастағы қала тұрғыны басшылық жасағаны белгілі болды. Ал ресми түрде оның директоры басқа адам болған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Бірнеше рет жасалған алаяқтық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс 37 эпизодтан тұрады. Полиция қызметкерлері жәбірленушілерді және істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері осындай алаяқтық схемалардың құрбаны болмау үшін тұрғындарға қызмет көрсету туралы шарт жасауды, фискалдық чектер мен қосалқы бөлшектерді қабылдау-тапсыру актілерін талап етуді ұсынады. Төлемді касса арқылы немесе компанияның ресми есепшотына жасаған жөн. Егер шарт талаптарының орындалуы созылып, қызмет көрсетуші байланысқа шығудан жалтарса, дереу полицияға хабарласу қажет.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *