Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Құқықтық дәріханаға» бір күнде 138 адам жүгінді

«Құқықтық дәріхананың» кезекті акциясын тағы да облысымыздың прокурорлары Петропавл қаласы мен облыстың 13 аудан орталығында өткізді. Облыс тұрғындары түрлі құқықтық мәселелер бойынша алдын ала жазылусыз прокурорларға өтініштерін білдірді.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, Петропавл қаласының тұрғыны ешқандай сатып алу жүргізбесе де, банк картасынан ақшаны ұстап қалу туралы сұрақпен жүгінген. Прокуратура қызметкерлері себептерді түсінуге көмектесті. Ал Айыртау ауданының тұрғыны қайтыс болған туысқанының міндеттемесі және оның қарыздарын төлеу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Консультация барысында прокурорлар ықтимал құқықтық салдарларды және одан әрі жүгіну тәртібін түсіндірді. Осы сынды сұрақтармен акция аясында барлығы 138 өтініш беруші қабылданды.
Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы акция барысында 2700-ден астам азаматты қабылдады.
Облыс прокуратурасы тұрғындарды әр сейсенбі күні Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың барлық аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мәдениет үйлері, аудандық ауруханалар және өзге де қоғамдық орындарда) өткізілетін «Құқықтық дәріхана» акциясын одан әрі пайдаланып, білікті құқықтық көмек алуға шақырады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *