Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Таза Қазақстан» акциясы 700-ден астам адам қатысты

СҚО прокуратурасы, полиция мен жергілікті атқарушы билік өкілдері «Таза Қазақстан – Таза коғам» облыстық экологиялық акциясын өткізді. Іс-шара бір мезгілде Петропавл қ. және облыстың барлық аудандарында өтті.
Қатысушылар саябақтарды, алаңдарды, аулалар мен жағалау аумақтарын, балалар мен спорт алаңдарын ретке келтірді, апаттық қоқыс орындарын жойды, жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсетілді.
Акцияға барлығы 700-ден астам адам, оның ішінде 400-ден астам пробация қызметі мен полицияның есебінде тұрғандар, әкімшілік қадағалаудағы және шартты-мерзімінен бұрын босатылғандар қатысты.
Акцияның ерекшелігі экологиялық бастаманың қайталанған қылмыстың алдын алумен және есеп беретін тұлғаларды қоғамға бейімдеумен үйлесуі болды.
Бірлесіп істелген жұмыс қоғамдық аумақты тазалау ғана емес, сонымен қатар есеп беретін адамдарды әлеуметтік жауапкершілік пен заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған қоғамдық пайдалы қызметке тартуға мүмкіндік берді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *