Жарияланған күні: 15.09.2026
«Құқықтық дәріхана»: 115 азамат кеңес алды
Петропавлда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Акция аясында азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты өзекті мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды.

Прокурорлар мемлекеттік органдарға жүгіну, лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану, әлеуметтік және өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіріп, сондай-ақ еңбек, тұрғын үй, отбасылық және жер қатынастары салаларындағы сұрақтарға жауап берді. Өз құқықтарының бұзылуына тап болған немесе туындаған мәселелерді шешу үшін қайда және қандай тәртіппен жүгіну қажеттігін білмейтін азаматтарға ерекше назар аударылды.
Акция барысында облыс тұрғыны тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына тіркеуден бас тарту мәселесі бойынша өтініш берген.
Мәселе шұғыл түрде шешіліп, азамат тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелді. «Құқықтық дәріхана» акциясы прокуратура органдарының халықпен тікелей диалог жүргізуінің тағы бір тиімді алаңына айналды.
Акция барысында барлығы 115 азамат қабылданды. Жыл басынан бері облыс прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 3 мыңға жуық азаматты қабылдады.
Облыс прокуратурасы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін одан әрі пайдалануға шақырады.

