Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Шаховское ауылының құсы қырылып жатыр

Қызылжар ауданының Шаховское ауылында үй қаздары белгісіз аурудан қырылып жатыр. Бүгіндері қанаттылардың 14 мыңға жуығы неден мерт болғаны белгісіз. 

Бұл ақпараты әлеуметтік желідегі жарияланған бейнежазбалар арқылы көпшілікке белгілі болды. естеріңізге салсақ, өткен жылы Шаховское елдімекенінде күзде үй құстары жаппай қырылып, тұрғындар айтарлықтай шығынға батқан. Шамамен 7 мыңнан астам үй құсы қырылды.

Жергілікті ветеринарлық станция мамандары зертхана қорытындысы бойынша құстардың пастереллезден өлгенін мәлімдеді. Бірақ тұрғындар мұнымен келіспей, тәуелсіз сараптама жасатқан. 

— Алматыдағы Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығына өлген қаздың сынамасын жібердік. Орталықтың тәуелсіз сараптама қорытындысында қаздан жоғары патогенді Н5N1 деген құс тұмауы анықталғаны көрсетілген. Бірақ әкімдік те, басқалары да біздің тәуелсіз сараптаманың қорытындысын қабылдаған жоқ, — деген еді зардап шеккендердің бірі Жанат Ғаббасов.

Шаховское ауылында үй құстары, соның ішінде негізінен қаздар тамыз айынан бастап өліп жатыр. Осы уақытқа дейін 13 869 бас құс қырылған.

— Қазіргі уақытта ауылда ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Құс қырылған аулаларда дезинфекциялық жұмыстар ұйымдастырылып, тиісті ветеринариялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілген.
Ал өлген құс белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес мал қорымдарына жеткізіліп, жойылды, — делінген ведомствоның жауабында.

https://kaz.inform.kz/news/sko-nin-shahovskoe-auilinda-14-minga-zhuik-uy-kusi-kirilip-kaldi-cee4ecd7

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *