Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 17 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы шеңберінде ауқымды экологиялық іс-шаралар өтті.

Петропавлда облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала тұрғындарымен бірге ағаш отырғызу акциясына қатысты. Жалпы, осы күні өңір бойынша 17 225 түп ағаш отырғызылып, экологиялық іс-шараларға 12 мыңнан астам адам атсалысты.

— Тазалық пен тәртіп ең алдымен әрқайсымыздың жеке жауапкершілігімізден басталады. Өз ауламызға, көшемізге, саябақтар мен туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарау — ортақ міндет. Осы ауқымды жұмысқа атсалысып, Солтүстік Қазақстан облысының таза, жасыл әрі жайлы болуына өз үлесін қосып жүрген барша азаматқа алғыс айтамын, — деді өңір басшысы.

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» аясындағы акциялар мен іс-шараларға 120 мыңға жуық солтүстікқазақстандық қатысты. Ортақ күш-жігердің нәтижесінде 143 мың тоннадан астам қалдық шығарылып, 113 мыңнан астам ағаш және 5 мыңға жуық бұта отырғызылды. Табиғи аумақтар мен демалыс орындарын абаттандыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері облыста 70 демалыс аймағы тазартылды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *