Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да учаскелік инспекторлардың жұмысы жеңілдейді

Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жеңілдетіп, қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер енгізілуде.


Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Петропавл қаласының учаскелік инспекторларының қызметтік планшеттеріне жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылуда. Бұған дейін учаскелік инспекторлар журналдар, тізімдер мен жұмыс кестелерін толтыруға едәуір уақыт жұмсайтын. Қару иелері, профилактикалық есепте тұрған тұлғалар, отбасылық жанжал шығарушылар, шетел азаматтары және бұрынғы шақыртулар туралы мәліметтер әртүрлі ақпараттық базаларда және қағаз түрінде сақталатын. Енді аталған ақпараттың барлығы біртіндеп цифрлық форматқа көшірілуде.

Планшеттерге учаскелік инспекторлар мен ішкі істер органдарының басшы құрамының жұмысын автоматтандыруға арналған «Цифрлық ПУИ» жүйесі мен мобильді қосымша орнатылуда.

Қазіргі уақытта деректер базасын қажетті ақпаратпен толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Мәліметтер серверлерге жүктелгеннен кейін инспектор өзіне бекітілген әкімшілік аумақта азаматтарды тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, жынысы және есеп түрі бойынша жедел іздеп, қажетті деректерді жаңарта алады. Сонымен қатар жүйеде іздеудегі тұлғаларға қатысты бағдарлар, учаскелік полиция пункттерінің тізілімі, бейнебақылау камераларына қолжетімділік, кіріктірілген талдау құралдары және әкімшілік аумақ бойынша статистикалық мәліметтер қамтылады.

Петропавл қаласы полиция басқармасының 100-ге жуық учаскелік инспекторы жаңа жүйені меңгеруге арналған практикалық сабаққа қатысты. СҚО ПД цифрландыру және жасанды интеллект басқармасының қызметкерлері елордалық IT-компания мамандарымен бірлесіп, жаңа жүйені планшеттер арқылы күнделікті қызмет барысында пайдалану тәртібін таныстырды.

«Цифрлық ПУИ» жүйесін өңірде толық енгізу және оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстары жақын уақытта аяқталады деп күтілуде. Учаскелік инспекторлардың қызметі көбіне «мың бір міндетті қатар атқаратын жұмыс» деп сипатталады. Сондықтан олардың қызметін заманауи цифрлық технологиялармен қамтамасыз ету полицейлерді күнделікті техникалық жұмыстардың бір бөлігінен босатып, уақыт пен күшті азаматтармен тікелей жұмыс істеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын тиімді іске асыру жолындағы маңызды қадам.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *