Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Азия ойындары: Жерлесіміз Алексей Луценко тағы да топ жарды

Жапонияның Айчи префектурасы және Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары тасжолдағы веложарысы өз мәресіне жетті. Бұл жолы сайыста Ұлттық құрама сапында жерлесіміз Алексей Луценко, Евгений Федоров, Николя Винокуров ел намысын қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Ұлттық құрама екі бірдей жүлделі орынға қол жеткізді. Алдымен алтыннан алқаны жерлесіміз Алексей Луценко тағынса, екінші орын отандық тағы бір спортшы Евгений Федоровқа бұйырды.

Алексей Луценко 4 сағат 13:11 минут нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша, отандасымыз 6 дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Ол осыған дейін Инчхон (2014жыл), Джакарта (2018 жыл) және Ханчжоу (2023 жыл) Азия ойындарында жекелей және командалық сында төрт алтын және бір күміс медаль жеңіп алған болатын.

Солтүстікқазақстандық велошабандозды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде құттықтады. 

— Бұл — зор таланттың, табанды еңбектің және спортқа деген адалдықтың нәтижесі. Алексей халықаралық аренада Солтүстік Қазақстан облысы мен Қазақстанның абыройын асқақтатты. Біз оның жеңісін мақтан тұтамыз! Алда тағы алты жерлесіміз сынға түседі. Әрқайсысына сенім, жігер мен сәттілік тілеймін! Солтүстік Қазақстан облысы сіздермен бірге, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *