Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Есіл жағалауын ластаған азамат жауапқа тартылды

Облыста Есіл өзенінің жағасына қоқыс тастаған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық соттың мәліметінше, шілде айында Есіл ауданының тұрғыны өзен жағалауына коммуналдық қалдықтарды тастаған.

Аудандық сотта ер адам өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Қалдықтар өзен жағалауына апаратын жыраға оларды шығаруға арналған көліктің жоқтығынан тасталғанын түсіндірді. Құқық бұзушылық анықталғаннан кейін қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.

Ауыл тұрғынының кінәсін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, полиция инспекторының баянаты, жазбаша түсініктемелер, бейнематериалдар және істің өзге де материалдары растады.

Сот адамды жалпы пайдаланымдағы жердің ластануына кінәлі деп танып, 30 275 теңге көлемінде айыппұл салды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *