Жарияланған күні: 23.09.2026
СҚО-да мас жүргізушілердің кінәсінен 25 адам жарақат алды
Биыл облыста мас жүргізушілердің кінәсінен 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 адам мерт болды. Сондай-ақ, 25 адам жарақат алды.

СҚО ПД мәліметінше, Петропавлдың 53 жастағы тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Ол мас күйде көлік жүргізген.
Полицейлер «Hyundai Accent» автокөлігін мінген ер адамды К. Сүтішев көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің автотұрағында тоқтатты. Алдымен ол кінәсін мойындамаған. Алайда медициналық куәландыру жүргізушінің мас күйде болғанын көрсетті.
8 ай ішінде СҚО-да рейдтер мен жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полицейлер мас күйде көлік басқарған 776 жүргізушіні анықтады. Бұл — күніне орта есеппен 3 жүргізуші.

