Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да шекарааралық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мен Ресей шекара қызметтері өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Бауыржан Абсаматов және Ресей Федерациясы ФҚҚ Шекара қызметі басшысының орынбасары – Шекараны күзету департаментінің басшысы, генерал-полковник Игорь Константинов қатысты.

Вопросы безопасности на казахстанско-российской границе обсудили в СКО 

Қатысушылар мемлекеттік шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құзырлы органдардың іс-қимылын үйлестіру және жедел ақпарат алмасу мәселелерін талқылады. Шекаралас аумақтарда туындайтын мәселелерді дер кезінде анықтап, бірлесіп шешуге ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы шамамен 7 591 шақырымды құрайды. Аймақ басшысы атап өткендей, шекаралас Солтүстік Қазақстан облысы үшін екі елдің тиісті қызметтерінің үйлесімді жұмысы айрықша маңызды. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен шекаралас аудандардың тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Екі күн ішінде қатысушылар тәжірибе алмасып, алдағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған шараларды талқылады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *