Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО полицейі қызметінің бір күні

Солтүстік Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілердің жол ережесін сақтауын бақылаумен қатар, қиын жағдайға тап болғандарға көмек көрсетеді. Полиция қызметкері Денис Геккельдің қызметі – осы жауапты жұмыстың бір мысалы.

Денис Геккельдің полиция қызметіндегі кәсіби жолы спортпен тығыз байланысты. Таэквондодан қара белбеу иегері 2017 жылдан бастап полиция қызметкерлеріне күрес тәсілдерін үйретіп, олардың дене дайындығын шыңдауға үлес қосып келеді. 2019 жылы аттестаттаудан өтіп, байланыс және куәгерлерді қорғау бөлімшелерінде қызмет атқарды. Ал 2022 жылдан бастап офицерлік атақ алып, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкері атанды. Оның жұмыс күні таңғы сағат 7:00-де басталады. Қызметкер қару-жарақты қабылдап, жеке құрамның дайындығын тексеріп, нұсқамаға қатысады. Осыдан кейін 12 сағаттық кезекшілікке түседі.

Денис Геккель Астана – Петропавл автожолының Кенесары батыр кесенесіне дейінгі учаскесінде қызмет атқарады. Бұл – қозғалысы қарқынды әрі күрделі жол учаскелерінің бірі. Мұнда Қытай, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдерден қатынайтын жүк көліктері көптеп жүреді. Көліктердің едәуір бөлігі елордаға бағыт алады.

Полицейлер 445-ші және 448-ші шақырымдар аралығындағы жол учаскесіне ерекше назар аударады. Бұл жерде екі ұзақ бұрылыс орналасқан. Патрульдік автокөліктің болуы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Денистің айтуынша, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың басым бөлігі түнгі уақытта орын алады. Көлік қозғалысы бәсеңдеген кезде кейбір жүргізушілер жол қауіпсіздігі талаптарына немқұрайлы қарай бастайды. Әсіресе түнгі кезекшілік барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқарған немесе көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтайды.

Полицейлер үшін ең күрделі кезең – қыс мезгілі. Қатты аяз бен боран салдарынан жолдар жабылған кезде де тәртіп сақшылары қызметін тоқтатпайды. Денис қысқы кезекшіліктің бірінде әріптесімен бірге қар басқан жолда қалып қойған «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсеткенін еске алады. Көлік бұзылып, жүргізуші кабинада жалғыз қалған. Суықтан тоңып қалмау үшін ол үстіндегі киімдерінің барлығына оранып отырған.

Полицейлер жүргізушіні қызметтік автокөлікке отырғызып, жылытып, ыстық сусын берді. Кейін жүк көлігін жөндеуге қажетті көмекті ұйымдастырып, жүргізушінің жолын қауіпсіз жалғастыруына жағдай жасады. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *