Жарияланған күні: 25.09.2026
Каспийде қаза тапқан 2 сарбаздың денесі табылды
25 қыркүйек күні сағат 09:15 шамасында іздеу жұмыстары барысында бұған дейін хабарсыз кеткен екі әскери қызметшініңа денесі табылған. Олар – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлы.
Қайғылы жағдай оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюінен болған. Соның салдарынан 17 әскери қызметші ашық теңізге ағып кеткен.
Оқиға кезінде үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған 14 әскери қызметші қаза тапты.

