Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімін жариялады
Қаза болған әскери қызметшілердің саны 12-ге жетті, екеуі іздестіріліп жатыр.
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөндері:
1. Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы;
2. м/қ матрос Сержан Талғатұлы Аяпберген;
3. м/қ матрос Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ;
4. м/қ матрос Алмас Жүсіпұлы Көбенов;
5. м/қ матрос Ақылбек Қабденұлы Төлеген;
6. м/қ матрос Жеңіс Тлеуұлы Темірғалиев;
7. м/қ матрос Мейрамбек Ермұханұлы Бердіханов;
8. м/қ матрос Әсет Саматұлы Жаңабай;
9. м/қ матрос Азамат Болатбекұлы Мәдіхан;
10. м/қ матрос Дастан Нұрболұлы Бегей;
11. м/қ матрос Ақжайық Болатбекұлы Гилаж;
12. м/қ матрос Олжас Тәжібайұлы Диханбаев.
— Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қарулы күштердің жеке құрамы Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқанын хабарлағанбыз. Үш әскери қызметші құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

