Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 342 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 28 адам қаза тауып, 490 адам жарақат алған.



СҚО ПД мәліметінше, облыс орталығынан шығатын Астана – Петропавл автожолының 472-шақырымында полицейлер кезекті профилактикалық рейд өткізді. Көлік қозғалысын бақылау және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары жолдың жүру бөлігін қысқа уақытқа тарылту әдісін қолданды. Арнайы жол белгілері мен конустардың көмегімен көлік қозғалысы баяулатылып, инспекторларға жүргізушілермен тікелей тілдесіп, жол қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге мүмкіндік берілді.

СҚО ПД бастығының орынбасары Марат Жұмалиевтің айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар жүргізушілердің жолдағы әрекетіне назар аударып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Рейд барысында жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау және маневр жасау талаптарын бұзбау, сондай-ақ ұзақ жолға шығар алдында міндетті түрде тынығып алу қажеттігі ескертілді. Мұндай профилактикалық іс-шаралар облыстың түрлі автожол учаскелерінде тұрақты түрде ұйымдастырылады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде заманауи технологиялар, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылады.

Рейд барысында әкімшілік шаралар қабылданды. Полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оқылмайтын көлік құралын басқару, тиісті құжаттарсыз көлік жүргізу және жарықтандыру аспаптары ақаулы көлік құралын пайдалану фактілері бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар балаларды арнайы ұстап тұратын құрылғыларсыз тасымалдаудың екі фактісі, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың екі дерегі және автокөліктердің техникалық жағдайына қатысты үш құқық бұзушылық анықталды.

Тәжірибе көрсеткендей, жолдағы кез келген құқық бұзушылықтың соңы ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жол қозғалысына тұрақты бақылау жүргізу – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған полиция жұмысының маңызды бөлігі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *