Жарияланған күні: 08.10.2026
Пойызға билет бағасы уақытша арзады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінң пойыз билеттерінің құнын 10 пайызға төмендетті.
Аталған акция «Ұлттық тасымалдаушының» барлық пойыздарындағы вагон түрлеріне, сондай-ақ қала маңындағы электрпойыздарына да қатысты. Осылайша жолаушылар таңдаған бағыты мен вагон санатына қарамастан, билетті бұрынғыға қарағанда төмен бағамен рәсімдей алады.
Жол жүру билеттерін темір жол компаниясының ресми сайтынан және темір жол вокзалдарындағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Жеңілдік шарттары мен билет бағасына қатысты толық ақпараттарды жолаушылар 1433 нөміріне хабарласу арқылы біле алады.

