СҚО-да жануарлар дүниесіне келтірілген залал 125 млн-нан асты
Облыста жойылып кету қаупі бар және Қызыл кітапқа енгізілген аңшылық жануарлардың 27 түрі мен жануарлардың 11 түрі мекендейді. Соңғы үш жылда рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша уәкілетті органдар 2912 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жануарлар дүниесіне келтірілген шығын көлемі 125 миллион теңгеден асты.
СҚО прокуратурасының хабарлауынша, аңшылық әуесқойлары арасында экологиялық мәдениетті арттыру, биологиялық әртүрлілікті сақтау және жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз өндірудің алдын алу мақсатында мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Браконьерлікті тоқтату» кең ауқымды акциясын өткізді.
Осы іс-шара шеңберінде уәкілетті және құқық қорғау органдары профилактикалық рейдтік іс-шараларды ұйымдастырды, сонымен қатар халықпен және аңшылық пайдаланушылармен кездесулер өткізді. Браконьерлік үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Акцияға 100-ден астам әуесқой аңшыларқатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, халықты жануарлар дүниесіне бірлесіп ұқыптылықпен қарауға және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға шақырды.

