Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ғ. Мүсірепов ауданында май зауыты салынады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларындағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

«Ак Нан Север» ЖШС құны 16 млрд теңгеден асатын элеватор кешені бар азық-түлік өндірістік паркін салуда. Жобаның алғашқы кезеңінде сыйымдылығы 80 мың тоннадан асатын астық қоймасын салу және жалпы өнімділігі сағатына 400 тонна болатын екі астық кептіру мұнарасын орнату көзделген. Алдағы уақытта астық сақтау қуатын 400 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы да қарқынды дамуда. «Қазақстан Бидайы» ЖШС жарма мен үлпек өндіретін жаңа зауытты іске қосуға дайындық жүргізуде. «Kazmeal Ltd» ЖШС экспортқа бағытталған құрама жем өндірісін дамытуда. Ал «Kazmeal Oil» компаниясы шамамен 80 млрд теңге инвестиция құйылатын май экстракциялау зауытын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ облыс әкімі өсімдік майын өндіретін «Маслодел» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Бұл жобалар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге және дайын өнім шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Пайдаланылмай тұрған нысандарды қайтадан экономикалық айналымға енгізу мәселесіне де назар аударылды. Атап айтқанда, «Колос 2020» ЖШС 20 жылдан астам уақыт жұмыс істемеген мұнай базасын сатып алып, оны қалпына келтіруге 450 млн теңге инвестиция салды. Облыс әкімі аудан әкімдеріне осындай нысандарды қайта іске қосу үшін инвесторлар тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *