Петропавлда бұзақылар жазаға тартылды
Топтасып бұзақылық жасап, қатарласын ұрып-соққан олардың үшеуі Петропавлдағы колледждерде оқыса, біреуі жұмыссыз.
СҚО сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл 25 мамырда №44 орта мектеп маңында болған. Төрт бозбала өздері құралпы бір адамға шабуыл жасап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Олар бұрыш баллонын, ағаш таяқ пен үшкір-кескіш затты қолданған.
Сот төрт айыпталушыны да ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы арнайы құралдарды қолданып бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Олардың әрқайсысына 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Алайда, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп есептелсін деп қаулы етілді. Үш сотталғанға бір жылға, ал біреуіне бес жылға пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

