Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да дрондармен 86 құқықбұзушылық анықталды

СҚО-да дрондар жол ережесін бұзғандарды анықтап жатыр. Ұшқышсыз ұшу аппараттары Солтүстік Қазақстан облысы полицейлеріне жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын әуеден анықтауға мүмкіндік береді. Дрондар әсіресе жүргізушілер бақылау камералары жоқ жерлерде тәртіп сақшыларының назарынан тыс қаламыз деп ойлайтын учаскелерде тиімді қолданылады.

Петропавл маңында дронның көмегімен қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған 59 жастағы КамАЗ жүргізушісі анықталды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Полицейлер қауіпсіздік талаптарын елемеу жол-көлік оқиғаларында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану аясын кеңейтті. Олар негізінен жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау үшін пайдаланылады.

Жыл басынан бері дрондардың көмегімен осындай 286 құқықбұзушылық тіркелген. Сонымен қатар ұшқышсыз аппараттар хабар-ошарсыз кеткен адамдар мен жоғалған малды іздеуге, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға да қолданылады.

Қазіргі уақытта СҚО полиция департаментінің қарамағында 30-ға жуық дрон бар. Оларды арнайы даярлықтан өткен полиция қызметкерлері басқарады.

Заманауи технологиялар оқиғаларға жедел ден қоюға, жол қозғалысын әуеден бақылауға және өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *