Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО жолдарының сапасы 291 рет тексерілді

Жыл басынан бері облыстың автомобиль жолдарының сапасына 291 рет инспекциялық тексеру жүргізіліп, жол-құрылыс материалдарының 27% нормативтік талаптарға сәйкессіздіктер анықталды.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» СҚОФ мәліметінше, жыл басынан жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына — республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісіне рет барып тексерді. 

Оның ішінде 200 тексеру республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында, 39-ы облыстық маңызы бар жолдарда, ал 52-сі аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көше-жолдарында жүргізілді. Тексеру барысында жол-құрылыс материалдарының 1480 сынамасы алынды. Олардың бірқатары белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

Әсіресе, республикалық маңызы бар жолдарда сәйкессіздіктер көп. 1146 сынаманың 264-і нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. 163 ақау тіркеліп, оның 129-ы жойылды. Сонымен қатар анықталған сәйкессіздіктерге қатысты 82 сынама бойынша тиісті шаралар қабылданып, кемшіліктер түзетілген.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарынан алынған 152 сынаманың 60-ында нормативтік талаптарға сәйкессіздіктер болған. Бұл жолдарда 46 ақау тіркелген. Есепті кезеңде оның екеуі ғана жойылды. Сондай-ақ үш сынама бойынша анықталған олқылықтар түзетілді.

Аудандық жолдар мен көшелерде де кемшіліктер бар. Алынған 182 сынаманың 77-сі нормативтік талаптарға сай болмады. Бұл учаскелерде 45 олқылық анықталды. Алайда мердігер ұйымдар оларды жою жұмыстарын әлі бастамаған.

Мамандардың айтуынша, негізгі кемшіліктер жол-құрылыс материалдарының суға қанығу көрсеткіштеріне және асфальтбетон жабынынан алынған керндердің тығыздалу деңгейіне қатысты.

Мониторинг әлі де жалғасады. Мақсат – кемшіліктерді анықтап, олардың уақытылы жойылуын қадағалау және жол жұмыстарының белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *