Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

МӘМС аясында науқастан 10 келілік ісік алынды

Облыстық онкологиялық орталықта МӘМС аясында күрделі ота жасалды. 48 жастағы науқастың құрсақ қуысы мен кіші жамбас аймағында салмағы 10 келі болатын ісік алынып тасталды.

СҚО онкология орталығының мәліметінше, науқастың дене салмағы 150 келі болса, оның ісігінің салмағы 10 келіні құрады.

— Өткен жылы науқаста құрсақ қуысы мен кіші жамбас аймағындағы аналық без ісігі анықталды. Кейін ол ауруханаға бірде-бір рет жүгінбеген еді. Биыл ауырсыну пайда болып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Белгілі болғандай, ісік көлемі едәуір өсіп, 10 келіге дейін жеткені анықталды. Ота 2 сағат уақытты қамтыды. Қазіргі уақытта алынған материал гистологиялық зерттеуге жіберілді, — дейді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мәлік Сексембаев.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *