Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Құқықтық дәріхана» акциясына 117 азамат қатысты

Петропавлда және облыстың 13 ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Негізгі мақсаты – құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды уақтылы анықтау және азаматтардың құқықтарын нақты қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау.

Акция аясында сот актілерін орындау, әлеуметтік және еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Құқықтық көмек алу үшін соттың заңды күшіне енген шешімінің орындалуына ұзақ уақыт бойы қол жеткізе алмай жүрген азамат жүгінді. Ол мәселені шешу үшін бірнеше рет әрекет жасағанымен, мәселесі әлі де шешімін таппаған.

Өтінішті қарау барысында прокурорлар ұсынылған материалдарды зерделеп, өндіріп алушының құқықтарын қорғаудың заңнамада көзделген тетіктерін түсіндірді және қалыптасқан жағдайды шешу үшін одан әрі қабылдануы қажет әрекеттердің тәртібін айқындады.

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша мәселе бақылауға алынып, уәкілетті органдарға заңнама талаптарының тиісінше орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді.

Акция барысында 117 азамат өз мәселесімен келді. Жыл басынан бері облыс прокуратурасы өткізген «Құқықтық дәріхана» акциялары аясында 3 500-ден астам азамат қабылданды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *